Депутат жастардың 50 мың теңгеден асатын аударымдарын тексеруді талап етті

Новости

07.10.2026,

  в 12:41

114

Аударымдарға қосымша биометриялық растау енгізуді ұсынды

«Жастарды синтетикалық есірткі тасымалына және банк шоттары арқылы заңсыз қаржы айналымына тарту қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп отыр», деді Құрылтай депутаты Дидарбек ДІЛДӘБЕК.

ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика деректеріне сәйкес, елімізде 2025 жылы есірткі қылмысы үшін 67 жасөспірім сотталған, ал 2026 жылдың тоғыз айында 59 жасөспірім сотталған.

Сонымен қатар, 2026 жылғы маусымның басына қарай дропперлікке қатысты өндірісі аяқталған істерде күдікті ретінде 18 бен 29 жас аралығындағы 159 азамат болған. Оның ішінде 140 адам құқық бұзушылық жасалған кезде жұмыссыз болған.

Жеңіл табысқа сеніп, шотын «жалға берген» жастар оның заңсыз қаржы айналымына пайдаланылу қаупін және өз жауапкершілігін жете түсіне бермейді.

– Осыған байланысты «Әділет» партиясының фракциясы 14 пен 22 жас аралығындағы азаматтардың 50 мың теңгеден асатын тұлғааралық аударымдарына қосымша биометриялық растау енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Студенттерді шоттарын сыйақыға беруге тарту мен күмәнді операцияларды ерте анықтау үшін банктер, құқық қорғау органдары және оқу орындары арасында жедел ақпарат алмасуды жолға қойып, тиісті міндеттерін орындамаған банктердің жауапкершілігін қарастыру керек, – деді депутат.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!