Қайтейік енді
28.10.2026,
в 16:00
150
Мұғалімдерге кедергі келтіретін басы артық жұмыстарды доғаруға қатысты заңнамалық шешім болады. Бұл туралы Құрылтай депутаты Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Мәселен, мұғалімдерге мектепте өтетін түрлі іс-шараларды немесе сабақты видеоға түсіріп, reels-тер жариялауға мәжбүрлейтін кездер болады. Бұған да көп уақыт кетеді. Сондықтан осы тектес қызметінен тыс жұмыстарды жүктеу дұрыс емес. Бұған қоса есептілік мәселесі бар. Қазір түрлі ақпараттық жүйелер пайда болып жатыр. Бұл ретте сынып жетекшілеріне, мұғалімдерге, мектеп директорларына, психологтерге көптеген ақпараттық жүйедегі есептілікті толтыртқызу проблемасы байқалып отыр, – деді Асхат Аймағамбетов Құрылтайда Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін.
Осы орайда депутат қазір Президент мұғалімдерді артық жүктемеден босату мәселесіне ерекше мән беріп отырғанын айтты.
– Кейінгі жеті жылда Мемлекет басшысы мұғалімдерге қатысты ауқымды қолдау жасап келеді. Бүгінгі Жолдауда бұл тақырып тағы да қозғалды. Қазір біз даярлаған заң жобасы аясында Президент жүктеген міндеттер жүзеге асырылады деп ойлаймын, – деді Асхат Аймағамбетов.
Фото: Kazinform/ЖИ.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
28.10.2026,
09:00
24.10.2026,
10:00
22.10.2026,
10:30
26.10.2026,
12:00
27.10.2026,
12:00