Қайтейік енді
28.08.2025,
в 11:03
305
Семейде көпбалалы жүкті әйелдің жасаған қылмысына байланысты іс қаралды.
Сотта анықталғандай, ол 2024 жылдың сәуір айынан 2025 жылдың ақпанына дейін “грант алып беремін, университетке жеңілдікпен түсіріп беремін” деп, жүрген жерінде жұртқа уәде берген. Әрине, бұл көмегін тегін емес, ақшаға саудалаған.
Осылайша ол 27 адамнан 200 мың теңгеден бастап 1,2 миллион теңгеге дейінгі сомаларды алып алған екен.
Тегін оқу мүмкіндігін алып беремін деген уәдесіне әйелдің таныстары мен кей туыстары сеніп қалған. Сонымен қатар, мессенджерде таратқан ақпараты арқылы да бірталай адамды торына түсірген. Осылайша жұрттан жинаған ақшасының сомасы 13 миллион теңгеден асыпты.
Ақшаны алғанымен, уәдесін орындау жағы жайына қалған. Бұл тірлігін сот “бірнеше рет жасалған ірі көлемдегі алаяқтық” деп таныды. (ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы).
Сотталушы алынған ақшаны өзі иемденіп, өз қалауынша жұмсағанын мойындады. Ол ақшаның бір бөлігін жәбірленушілерге қайтарғанын айтты.
Қылмысын мойындағанын, енді өкініп отырғанын, жүкті екенін және кәмелетке толмаған үш баласы барын ескере отырып, сот оған жазаны қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етті.
Одан бөлек, жәбірленушілердің келтірілген залал сомасын өтеу туралы талаптары қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: © Хроника / Айдын Олжаев.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
27.08.2025,
18:00
25.08.2025,
16:32
22.08.2025,
15:00
26.08.2025,
10:57
Реклама
Реклама