Gasenergy: қозғалыста 12 жыл

Ду шапалаq

08.11.2026,

  в 12:00

568

Жылдамдық артып, энергия еселеніп келеді

50-ден астам жанармай құю станциясы, жаңа өңірлерге шығу, франшизаны дамыту және әлемдік брендтермен әріптестік. 12 жыл ішінде Gasenergy Қазақстан нарығындағы отыны өте сапалы белді ойыншылардың біріне айналды. Бүгінде желінің жанармай құю станциялары қалалық инфрақұрылымның бір бөлігіне айналып, өзіндік стилі, қызмет көрсету сапасы мен атмосферасы бар, жұрт бірден танитын заманауи автожанармай құю кешеніне айналды.

Gasenergy компаниясы құрылғаннан бергі 12 жыл ішінде Алматы мен Астанадан басталған жанармай құю станциялары желісінен ұлттық деңгейдегі бизнеске дейін көтерілді. Сонымен қатар Gasenergy франшизаны дамытуды қолға алып, брендті кеңейтуге және өңірлердегі кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнатуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Gasenergy компаниясы тұтынушылармен түсінікті тілде сөйлесуге, коммуникацияның заманауи форматтарын пайдалануға және жанармай құю станциялары туралы дәстүрлі түсінік аясынан асуға ұмтылады. Бұған Red Bull брендімен жасалған коллаборация айқын мысал бола алады. Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында бірден көзге түсетін екі брендтің визуалды эстетикасын біріктірген, арнайы безендірілген жанармай құю станциясы ашылды.

Жаңартылған станцияның интерьері автоспорт тұжырымдамасы негізінде жасалған. Кеңістікті безендіру кезінде жарыс трассасының элементтері, неонды жарықтандыру және брендтік экспозициялар қолданылған. Ішінде спорттық автокөліктердің бөлшектерінен жасалған арт-инсталляциялар, дрифт трассасының макеті, сондай-ақ Red Bull дрифт-жарыс жүргізушісінің спорттық киімі қойылған экспозиция бар.

Белсенді аудиториямен өзара әрекеттесудің тағы бір бағыты – Gasenergy компаниясының Алматыда өткен FIP жарысына қатысуы. Бұл жылдамдыққа, автокөліктерге және заманауи қалалық мәдениетке қызығушылық танытатын адамдарды біріктіретін жарыс. Осылайша бренд клиенттермен дәстүрлі қарым-қатынас шеңберінен шығып, автокөлікті өмір салтының бір бөлігі санайтын адамдарға жақындай түседі.

Компания электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға да ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда EV нарығы әлі қалыптасып келе жатқанына қарамастан, Gasenergy болашақ сұранысқа қажетті негізді қазірден бастап қалыптастыруда.

Gasenergy үшін алғашқы 12 жыл қалыптасу мен нығаю кезеңі болды. Алдағы даму кезеңі бұдан да ауқымды болмақ. Өйткені атауы энергиямен үндесетін компания үшін алға қарай қозғалу – дамудың басты қағидаты.

Фото: Gasenergy компаниясы.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!