Новости
10.11.2026,
в 10:48
194
Ақтөбеде 17 жастағы студент колледж жатақханасының төртінші қабатынан құлап, ауруханада көз жұмды. Марқұмның жақындары бұл қазаға әлімжеттік себеп деп отыр, деп хабарлайды Информбюро 31.
Сөздеріне сенсек, Нұрбақыт БАҚЫТТЫ жоғары курстың тәлімгері түн ішінде терезе арқылы дүкенге жіберген. Бұйрықты орындамаса күш көрсетемін деп қоқан-лоқы жасаған дейді. Қазір бұл іс сотта қаралып жатыр.
Куәгерлер Нұрбақыт Бақыттың төсек жамылғыларын жалғап, жатақхана терезесі арқылы дүкенге қалай бармақ болғанын баяндап берді. Алайда 17 жастағы студент төменге құлап, ауыр жарақат алған. 42 күннен кейін ауруханада көз жұмған.
Қара жамылған отбасы жоғары курстың студенті түн ішінде баламды тамақ әкелуге күштеп жұмсады деп отыр.
– Бәрің де барасыңдар, біреуің барып келесіңдер, терезеден түсесіңдер деп айтты дейді. Менің балам сол жерде отырды дейді, отырды да Нұрбақыт сен барып келесің деп айтты дейді. Сосын Нұрбақыт үндеген жоқ дейді, үндемей тұрды дейді. Барып келесіңдер, болмаса баяғы істеген білмеймін не істегендерін, баяғыны сендерге көрсету керек-ау деп айтқан, – дейді Гүлайым КОЛОВА, марқұмның анасы.
Нұрбақыт Бақыт Қызылорда облысы Арал қаласының тумасы. Бес баланың ортаншысы екен. Ақтөбедегі көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің екінші курсында оқыған. Анасы оқу орнында әлімжеттік болғанына сенімді. Сотқар ұлдардың тәртібін оқу орнының қызметкерлері қадағаламаған деп күйінеді.
– Өзі де жатпайтын бөлме. Басқа бөлмеге алып барған. Ол жерде мұғалімдер көрмейді, тәрбиешілер көрмейді. Осы бөлмеден де алып барады. Соған қарағанда ол бәрін ойластырып алып барып тұр ғой. Ешқандай ешкім кешірім сұрап келген жоқ менен, – дейді марқұмның анасы Гүлайым Колова.
Қайғылы оқиғадан кейін колледждің төртінші курс студенті күдікке ілінген. Жас жігіт сотта «абайсызда қазаға ұшырату» және «қауіпті жағдайда қалдыру» баптары бойынша жауап беріп жатыр.
Ал айыпталушының анасы ұлына негізсіз кінә тағылды деп есептейді.
– Өздері магазинге шығайын деп жатқан балалар ғой. Сосын Мәдиді не қылған, балалар шығайын деп жатқан соң маған да бірдеңе ала кел деп 2000 берген. Оның арасында болған жоқ, өз бөлмесіне кеткен, – дейдіайыпталушы студенттің анасы Бақытжамал ШАБАЕВА.
17 жастағы баланың өмірі қыршыннан қиылғаны туыстарының қабырғасын қайыстырған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы арманы көп, ақжарқын ұлдарының өліміне кінәлі адамдар тиісті жазасын алғанын қалайды.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
09.11.2026,
15:00
09.11.2026,
12:00
04.11.2026,
14:30
09.11.2026,
10:30