Шалап
01.09.2025,
в 16:11
166
Қарағанды облысында биылғы оқу жылынан бастап бірнеше мектепте футбол сабағы өткізіледі, деп хабарлайды 24.kz.
Әзірге 10 мектептің оқу бағдарламасына енгізілді.
Осыған орай дене шынықтыру пәні және бастауыш сынып мұғалімдері арнайы семинарда бас қосты.
Толқын АРАЛБАЙ бастауыш сынып мұғалімі. Енді ол аптасына бір сағат дене шынықтыру сабағында балаларға футбол ойының қыр-сырын үйретеді. Бүгін ол семинарға қатысып, тәжірибе жинақтады.
— Дәрістерді оқып, үйреніп жатырмыз. Жалпы 1-4 сыныптардың футболға деген қызығушылығы зор. Балалардың салауатты өмір салтына, спортқа деген құлшынысын арттыруға бұл жоба үлкен жетістіктер алып келеді деген сенімдеміз, — дейді бастауыш сынып мұғалімі Толқын Аралбай.
Семинарға облыстың түкпір-түкпірінен 61 мұғалім қатысты. Олар үшін дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды кәсіби жаттықтырушылар өткізді.
— Біз алдын ала сауалнама жүргізіп, ең белсенді ұстаздарды таңдап алдық. Әрине, олар жұмыс істейтін мектептерді аралап, футболдан сабақ өткізу мүмкіндігін де қарап шықтық. Жалпы кәсіби футболшыларды бала кезден баулыған дұрыс. Бұл спорт түрін дамытуға үлкен серпін береді, — деді UEFA A-Elite санатындағы жаттықтырушы Әрсен ІҢКӘРБЕКОВ.
Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдерге UEFA D санатында жаттықтырушы лицензиясы берілді. Енді олар жаңа оқу жылынан бастап балаларға футболдан сабақ береді. Бұған қоса әуесқой футболшыларды да жаттықтыру құқына ие болады.
Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит, 24KZ.
Фото: 24.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
09.09.2025,
12:33
08.09.2025,
14:42
05.09.2025,
12:48
04.09.2025,
09:00
Реклама
Реклама