Шалап
22.10.2026,
в 15:00
194
Алматыда көпшіліктің сынына іліккен әнші Дильназ АХМАДИЕВА мен «Азия» тобының бейнебаянынан кейін колледж басшылығы жазаланатын болды. Себебі, білім ордасының өкілдері өнер иелеріне аудиторияда ашық-шашық киіммен клип түсіруге рұқсат берген, деп хабарлайды Информбюро 31.
Жауаптылар қызметтік тексерістен кейін міндетті түрде тәртіптік шара қолданамыз деп отыр.
Қоғамда дау тудырған бейнебаян шықты. Клипте Дильназ Ахмадиеваның киген киімі мен «Милфа» әнінің сөзі де жұртқа оғаш көрінген. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі әншілер жастар білім алатын орында этикаға сай келмейтін әрекетке барып, мұғалімдердің мәртебесін төмендеткен деп есептейді.
Оған қоса, бейнебаянды түсіруге жол берген колледж басшыларына да шүйліккен.
Резонанстан соң туындының авторлары ұстаздардан кешірім сұрады. Олар біреуді ренжіту немесе құрметсіздік таныту ойымызда болмады деп ақталды.
«Бастапқыда әнші Дильназ Ахмадиеваның колледж студенттерімен кездесіп, өзінің өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы әңгімелесуі жоспарланған. Бұл ретте түсірілімнің нақты мақсаты, сценарийі мен бейнематериалдың мазмұны колледж әкімшілігі тарапынан тиісті деңгейде зерделенбеген. Түсірілім жұмыстарын тиісті келісімсіз ұйымдастыруға жол берген колледж директорының міндетін атқарушының тәртіптік жауапкершілігі қаралады», – деді Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
16.10.2026,
13:30
16.10.2026,
18:00
21.10.2026,
09:00