Қайтейік енді
14.09.2025,
в 13:16
120
Қазақстанда құлағалы тұрған ескі үйлер саны қай өңірлерде көп ? Бұл сауалға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
— Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, елде 1031 ескі көпқабатты үй бар, — делінген министрліктің хабарламасында.
Бұл ретте құлағалы тұрған үйлердің ең көбі екі қала мен бір облыста тіркелген.
— Бұл ретте көш бастап тұрған өңір — Атырау облысы. Мұнда 217 көпқабатты үй әбден тозған. Екінші орында Астана тұр. Мұнда 206 үйдің тозығы жеткен. Ал Шымкентте осы санаттағы 108 үй бар, — делінген ведомствоның хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін апатты және тозығы жеткен тұрғын үй қорының шамамен 40 мың меншік иесін жаңа баспанамен қамтамасыз ету қажет.
Бұл мақсатта ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы бекітілді.
Аталған тұжырымдама аясында өңірлерде жөндеу жұмыстары бойынша бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар Тұжырымдаманы іске асыру жұмыстарын күшейтумен қатар, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй иелерін баспанамен қамтамасыз етуді жеделдету үшін түбегейлі шаралар қабылдайтын болады.
Фото: Дим137. wiktionary.org / photobuildings.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
09.09.2025,
12:33
14.09.2025,
10:00
08.09.2025,
14:42
12.09.2025,
15:02
09.09.2025,
18:00
Реклама
Реклама