Қайтейік енді
01.10.2025,
в 14:15
1048
Алматы әкімдігі жылы ескі көліктерді жаппай сатып алуды жоспарлап отыр. Бірақ мұндай мүмкіндік тек қалалықтарға ғана ұсынылмақ. Яғни экология және қоршаған орта басқармасының мәлімдеуінше, жергілікті билік оңтүстік астанада тіркелген көліктерді ғана сатып алмақшы, деп хабарлайды Информбюро 31.
Баптасаң, 88 жылғы темір тұлпарлар да әлі біраз жүреді. Майын ауыстырып, уақытылы жөндеп тұрсаң, жолда қалдырмас. Алайда әкімдік үшін бұл көлікті қанша күтсең де жаңа талапқа сай емес. Себебі ондай машинаның экологиялық стандарты – ЕУРО-0
Ал мәслихат мақұлдаған ереже бойынша көліктің стандарты Еуро-5-тен төмен болмауы тиіс. Яғни, 2009 жылға дейінгі машинаның иесі кейін қалада жүргені үшін ақша төлейді, немесе мемлекетке сатады. Мұндай талаппен, мысалы, 1997-де құрастырылған Toyota жүргізуші Жеңіс ТҰРСЫН келіспейді. Ол әкімдіктің машинаны өз бағасына алатынына күмәнмен қарайды.
— Төлеген ақшасына біз машина ала алсақ, болады. Ала алмасақ, болмайды ғой. Мысалы, менің көлігімнің бағасы 3 млн теңге. 3 млн-ға жаңа көлік келмейді. Жаңа көліктердің де экологияны былғайтындары бар, — дейді көлік жүргізушісі Жеңіс Тұрсын.
Жаңа талапты әзірлеуші топ мүшесінің айтуынша, әкімдік көлікті орташа нарықтық бағаға сатып алады. Әр транспорттың техникалық жағдайына, маркасы мен моделіне, жылына қарай құны төленеді дейді. Яғни, жалпыға бірдей баға белгіленбеген.
— Қарапайым нарықтағы бағасы 600 мың теңге, бірақ әкімдік 1 миллион теңге деп бағалауы мүмкін. Ал 3 миллион теңгеден жоғары болып, мемлекет ұсынған ақша аз шықса, көлік иесі оны облыс тұрғынына сатсын. Бірақ мәжбүрлеп сатқызу деген жоқ. Ескі көлігінен түспеймін десе, экология үшін ақысын төлеп жүре алады, — дейді Атмосфералық ауаны қорғау ережелерін әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі Ерлан БҰЗЫРБАЕВ.
Жалпы, жергілікті билік Алматы ауасының ластануының бір себебін ескі көліктерден көреді. Сондықтан жылы талапқа сай емес машинадан қалада жүргені үшін ақша алу тәртібін енгізуге білек сыбана кірісуде. Ал ескі темір тұлпарларды содан жиналған қаржыға сатып алуды жоспарлап отыр.
Фото: drive2.ru/users/zhandos59.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
21.12.2025,
12:00
20.12.2025,
10:00
18.12.2025,
13:30
Реклама
Реклама