Қайтейік енді
02.10.2025,
в 17:00
221
Қарағандыда 22 жастағы келіншек төсіне пластикалық ота жасатамын деп, басы бәлеге қалды. Дәлірек айтсақ, оның осы отадан кейін шашы түсе бастаған. Өйткені алғашқы операция сәтсіз шығып, пластикалық хирург төсін бір емес, төрт рет кескілепті. Осылайша айналдырған бір жылдың ішінде бес наркоз алған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Өзін жайсыз сезініп, басы таз болған келіншек қолынан іс келмейтін хирургтің үстінен сотқа шағымданыпты. Бірақ арызы дұрыс жазылмағандықтан, іс қысқартылған. Енді науқас білікті мамандардың алдынан өтіп, қорытындысымен сотқа қайта арызданбақ.
22 жастағы Вера ТЕН – блогер. Үнемі көрермен алдында мың бұралатын бикеш, денесінің сәнін келтіруге күш салған. Әлемжеліден жақсы мінездемесі басым клиникалардың арасынан бірін Астана қаласынан тауыпты. Бірақ отадан кейін бір ай өткенде қиындықтар басталған.
– Оның әрбір отасынан кейін жағдайым қиындай берді. Бес ота жасалды. Кейін маммологқа бардым. Менде капсулярлық контрактура екен. Яғни маған сонша рет ота жасаудың қажеті болмаған. Бірден имплантты ауыстыру керек болыпты. Өз қатесін жасыру үшін қайта-қайта кесе берген. Екінші жағынан, имплантты ауыстырса, өзі шығынға батар еді, — дейді Вера Тен.
Маммологтың қорытындысынан кейін хирург имплантты ауыстыру бойынша отаны ақыры жасаған. Бірақ одан да еш өзгеріс болмай, денсаулығы нашарлай берген. Шашы түсіп, басы таз болуға айналыпты.
– Басымның таз болған аумағы айтарлықтай үлкен. Түсіп қалған жерлеріне шаш өсіру үшін көптеген қымбат дәрумен ішіп, плазма терапия жасатамын. Мұның барлығы шығын. Хирург немқұрай болып, менің нақты диагнозымды жасырған. Мен жап-жас, әдемі қызбын. Өз ақшама өзімді кескілеп, ақыры мені ауру қылды, — дейді Вера Тен.
Вера хурургты сотқа беріп, 5 миллион теңге өтемақы талап еткен. Сотта ол арызды хирургтың емес, ота жасаған клиникаға қарсы жазу керек екені анықталыпты. Осы себеппен арызы қанағаттандырылмаған. Дегенмен хирургтың қорғаушылары пациенттің өзін кінәлайды.
– Пациенттің қалауымен эстетикалық тұрғыдан түзетулер жасау үшін төрт рет ота жасалды. Отадан кейін ауыру, асқыну белгілері тіркелмеді. Ал жағдайы ауырлады дегені, ол өзінің түрлі әрекетінен болуы мүмкін. Ол белгіленген режимді ұстанбай, компрессия киім кимей, медициналық нұсқауларды қатаң ұстанбаған, — дейді хирургтың адвокаты Арғын ЫСҚАҚБЕКОВ.
Вера денсаулығындағы өзгерістер осы оталардың салдарынан дегенді растау үшін мамандардың қарауына жүгінді. Оның қорытындасы медициналық қызмет сапасын қадағалау департаментіне жіберіледі. Мемлекеттік мекеменің анықтамасын алған соң, ол сотқа қайта жүгінбек.
Фото: видеодан скрин.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
30.09.2025,
10:45
29.09.2025,
14:41
29.09.2025,
13:33
29.09.2025,
10:41
30.09.2025,
15:59
Реклама
Реклама