Шымкентте жастарға деп берілген үйлерді басқа адамдар иемденген

Қайтейік енді

14.10.2025,

  в 12:25

606

Енді пәтерді босатпай отырғандар сот арқылы шығарылады

Шымкентте жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді өз меншігінде баспанасы бар азаматтар иеленгені анықталды, деп хабарлайды Жетінші арна.

2019 жылы қала жастарына сатып алу құқығынсыз тұрғын үйлер берілген еді. Олар бұл баспананы 5 жыл жалдап тұруы керек. Алайда бұл бағдарламаны өз үйі бар азаматтар пайдаланған. Нақтырақ айтқанда, 451 пәтер заңсыз иелікте болған.

Кейбірі тіпті пәтерлерді басқа адамға жалға беріп, өзі пайда тауып отырған.

«Енді тексеру қорытындысы бойынша 451 пәтердің барлығы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылады. Ал пәтерді босатпай отырғандар сот арқылы шығарылады», — дейді әкімдік өкілдері.

— Тұрғын үй басқармасына бұл бойынша ескерту берілді. Назарға алынды. 439 пәтерді бағдарламаның шартын бұзғаны үшін босату бойынша сот органдарына талап-арыздар түсірілді. Оның екеуі бүгінгі таңда қанағаттандырылды, — дейді қала әкімінің орынбасары Сәрсен ҚҰРАНБЕК.

Фото: Freepik.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!