Қайтейік енді
20.10.2025,
в 16:45
210
Маңғыстауда 550 салымшы жылдар бойы күткен пәтеріне қол жеткізе алмай жүр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Олар іргетасы да қаланбаған тұрғын үйлерге соңғы тиынына дейін салып, ақыры сан соғып қалған.
«Интерьер строй Ақтау» Серіктестігі тұрғындармен алдын ала келісімшарт жасасып, шамамен 5 миллиард 500 миллион теңге көлемінде қаражат иемденіпті. Әйтсе де тұрғын үйдің құрылысы тоқтап қалып, салымшыларға уәде етілген баспана сол күйі берілмеген.
Қазір компания басшылары алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Қала прокуратурасы салымшылардың арызы бойынша бұл істі өз бақылауына алып, AQ QALA 2024, «Сұлтан жеңіс» және Murager Aktau тұрғын үй кешендері бойынша сотқа талап-арыз берген. Сот шешімі бойынша енді нысандар тұрғын үй құрылыс кооперативтерінің меншігіне өтті. Бұл шешім салымшыларға мемлекет қолдауымен құрылысты аяқтап, өз баспанасына қол жеткізуге мүмкіндік бермек.
Фото: ktk.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
17.10.2025,
18:30
19.10.2025,
18:00
15.10.2025,
17:22
15.10.2025,
10:00
Реклама
Реклама