Қайтейік енді
22.10.2025,
в 17:00
245
Ресей Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу бойынша өз міндеттемелерін уақытында және толық орындайды. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей ЛАВРОВ ҚР Сыртқы істер министрі Ермек КӨШЕРБАЕВТЫҢ ресми сапарындағы кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Ресей Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарында және Қазақстан экономикасына ірі инвестор саналады. Жылу және гидроэнергетикадағы бірлескен жобалар арқылы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көп көңіл бөлініп отыр. Біз биылғы маусым айында ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясын республикадағы бірінші атом электр станциясын салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы етіп таңдағанын құптадық. Мен әріптесіме осы саладағы барлық міндеттемелерімізді әділ орындауға дайын екенімізді растадым. Өз мерзімінде және толығымен, – деді С. Лавров екіжақты кездесу қорытындысы бойынша брифингте.
Сондай-ақ ресейлік СІМ басшысы екі елдің Қазақстанда атом электр станциясын салудың техникалық, қаржылық және құқықтық параметрлерін талқылап жатқанын айтты.
– Қазіргі уақытта бейінді ведомстволар желісі бойынша техникалық және қаржылық параметрлерді, сондай-ақ заң тұрғысынан пысықтау жүргізіліп жатыр, – деді С. Лавров.
Фото: atommedia.online.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
17.10.2025,
18:30
19.10.2025,
18:00
20.10.2025,
10:00
19.10.2025,
12:00
16.10.2025,
18:00
Реклама
Реклама