Ақтауда ауыр жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

Қайтейік енді

24.10.2025,

  в 18:59

455

Жол-көлік апатынан бір полицей қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алды

24 қазан, сағат 00:20 шамасында Ақтау қаласының полициясына 13 шағынаудандағы Виктория қонақ үйінің алдында жол көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама түсті.

Анықталғандай, қонақ үй тұсындағы құрылыс жүріп жатқан жерде тұрған арнайы техникаға (погрузчик) Toyota Camry автокөлігі соғылған.

Нәтижесінде Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Боранов Б.Н қайтыс болды. Марқұмның ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері екені анықталды.

Сондай ақ, көліктегі жолаушының орнында Ақтау қаласы ПБ-ның тергеушісі Нұргелдиев Д. отырғаны анықталды. Оның жағдайы ауыр.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы және қала прокуратурасының басшылығы және кезекші прокурор шықты.

Видео 18+

https://www.youtube.com/watch?v=XpipMHHjFk8

Фото: скрин.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!