Алматыда таксистер мен курьерлер форумы өтті

Новости

05.11.2025,

  в 14:00

335

Соңғы екі жылда таксопарктер саны 300-ден 500-ге артқан

Такси жүргізушілер Алматыда  жиналып, саладағы реттеу, салық, қаржыландыру, автокөлік нарығы, экология және электро көліктер мәселесін талқылады, деп хабарлайды AstanaTV (Астана телеарнасы).

Электромобильдер де жеке тақырып болып көтерілді.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше,  биыл алғашқы жарты жылдықта таксимен 102 миллионнан астам жолаушы тасымалданған. Соңғы екі жылда таксопарктер саны 300-ден 500-ге артқан. Онда 200 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Жақында «электро» тариф іске қосылғаннан кейін таксопарктер бензиннен электрге ауысуға қызығушылық білдіруде.

— Алматы үшін бұл керек. Өйткені салыстырмалы түрде жақында ғана таксиде бізде «электро» тарифі іске қосылды және бүгін таксопарктер белсенді түрде қазір бензин машиналарынан электроға ауысып жатыр, — дейді ҚР Таксопарктер және курьерлік қызметтер қауымдастығының төрағасы Мейрам ӘБІЛҚАСОВ.

Фото: astanatv.kz.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!