Новости
10.11.2025,
в 15:32
366
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде алты жарым миллионнан астам темір тұлпар бар, деп хабарлайды 24.kz.
Сондай-ақ, 9700 жүк көлігі, 1500 автобус пен 3500 мотоцикл тіркелген.
Көліктердің жай-күйіне тоқталсақ, басым бөлігі ескірген.
Жеңіл машиналардың 41 пайызы 20 жылдан аса қолданыста болған. 24 пайызының жасы 10 мен 20 жыл аралығында. Қолданыста жүргеніне 3 жыл мен 7 жыл аралығы болған темір тұлпарлардың үлесі 17 процент.
Сондай-ақ су жаңа, яғни 3 жылға жетпеген көліктердің үлесі небары 7 пайызға жуықтайды.
2025 жылы 6,7 млн көлік тіркелген:
Жүк көліктері – 9 700
Автобустар – 1 500
Мотоциклдар – 3 500
Елдегі көліктердің жасы: 41,5% – 20 жылдан астам уақыт пайдаланылған көліктер
24% – 10-20 жыл аралығында қолданылған
10% – 7-10 жылдық көліктер
17% – 3-7 жылдық көліктер
6,8% – жаңа көліктер (3 жылға жетпеген).
Фото: kolesa.kz.
Реклама
01.12.2025,
18:00
04.12.2025,
11:00
03.12.2025,
18:00
Реклама
Реклама