Қазақстанда фельдшердің айлығы 133-180 мың теңге

Қайтейік енді

21.11.2025,

  в 13:30

376

Жалақы мемлекеттік мекемелерге арналған 1193-ші қаулыға сәйкес есептеледі

Теміртаудың медицина қызметкерлері жалақыны өсіруді және жұмыс жағдайын жақсартуды талап етті. Олар осы мәселені айтып, ұжымдық үндеу жолдады, деп хабарлайды Жетінші арна.

Әсіресе қазіргі эпид ахуалға байланысты шақырту көбейген.

Фельдшерлердің сөзінше, жедел жәрдем автопаркі әбден ескірген, көлік жиі бұзылады. Мысалы, бір бригада тәулігіне 24 рет шақыртуға шығады. Ең өзекті мәселе – жалақы. Айлық 133 мың теңгеден басталады. Ең көбі – 180 мың теңге.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жалақыны өсіруге уәде берді. Техникалық база да жаңартылады деді.

– Көлік те, маман да жетіспейді. Соңғы екі айда біраз адам жұмыстан кетті. Қызметкерлерде кәсіби күйзеліс бар. Сондықтан жай ғана жұмыстан шығып жатыр. Менің ойымша, жалақы кемінде 500 мың теңге болуы керек. Жалақыны 20-30 мыңға көтеру жағдайды дұрыстамайды, – дейді фельдшер Әсем МҮСІРОВА.

– Жалақы мемлекеттік мекемелерге арналған 1193-ші қаулыға сәйкес есептеледі. Еңбекақы барлық өңірде бірдей жүреді. Сондықтан сенім кәсіподағы қазір жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлер жалақысын көтеру туралы мәселені көтеріп жатыр, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Дана БАЙКЕНОВА.

Фото: Астана әкімдігі.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!