Ақтөбеде алты отбасы 63 жыл бұрын салынған апатты үйде тұрады

Қайтейік енді

13.12.2025,

  в 14:00

261

Үйдің қабырғасы сөгіліп, шатыры ортасына түсуге шақ тұр

Ақтөбеде апатты үйде тұратын алты отбасы қауіппен өмір сүруде. Осыдан 63 жыл бұрын салынған ескі баспана құлаудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Үй 2023 жылы апатты деп танылғанымен, арада екі жыл өтсе де тұрғындардың мәселесі шешілмеген.

Үйдің қабырғасы сөгіліп, шатыры ортасына түсуге шақ тұр.Тұрғындар ағаш тіреу қойып, өз беттерінше амал жасауда.

Үйге келгенде, жаңбыр жауғанда кеше төбем бар емес пе, төбемізден су ағып жатыр. Ол тоққа келді. Искра берді кеше. Ертең балаларым өліп қалса или қар жауып, алда қыс келе жатыр, төбе түсіп кетсе кім жауап береді оған, айтыңызшы, – дейді жалғызбасты ана Алмагүл ЖАМБЫЛОВА.

Уже екінші жыл мазақ қылды, Ия ақшасы жоқ, ия несі жоқ, бір условиясын істемейді. Тек айтады, жазда айтады, жаздан сол міне, үйді ремонттай алмай қалдық, – дейді зейнеткер Жұмабай НАУРЫЗБАЕВ.

Жаңбыр жауса, төбеден су шелектеп ағады, қыста қабырғалар ыза тартып, үйдің іші тас мұз болады. Комиссия уәде еткен қаражатты тұрғындар екі жылдан бері күтіп жүр. Сол кезде белгіленген өтемақы мөлшері 7-14 млн теңге еді. Бірақ бір-де бір тұрғын оны осы уақытқа дейін алмаған. Себебі бір ғана пәтердің иесі ұсынылған өтемақымен келіспей, үйді бұзуға рұқсат бермеген көрінеді.

– Келіспей отырған 1 тұрғынға сотқа дейінгі хабарлама жібердік, яғни реквизиция тәртібінде келісуге компенсацияны алу үшін, – дейді қалалық тұрғын үй инспекциясының маманы Әсима ОМАРОВА.

Егер ол адам келісімін бермесе, әкімдік сотқа жүгінуге мәжбүр. Ал сот шешімі шықпайынша, алты отбасының тағдыры шешілмейді.

Фото: astanatv.kz.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!