Қазақстандық компаниялар жаңажылдық корпоративтерден бас тартуда

Қайтейік енді

20.12.2025,

  в 14:00

345

Оның орнына үнемді отырыстарға сұраныс артып барады

Қазақстандық компаниялар дәстүрлі жаңажылдық корпоративтерден бас тарта бастады. Эконом-класс форматындағы мерекелерге бетбұрыс бар екенін ивент-агенттіктер мен ұйымдастырушылар байқапты. Олардың айтуынша, биыл «ас та төк кештерге» деген сұраныс азайған. Бұл туралы Информбюро 31 хабарлайды.

Биыл шығындардың өсуіне байланысты көптеген компаниялар корпоратив деген пәлені өткізбейміз деп шешкен. Жылдағыдай дарақтауға дайын отырғандары да бар, дегенмен көпшілігі шынында да мерекелік шығындарын қысқартып жатыр.

Стандартты тапсырысқа ыстық тамақтар мен салаттар, сусындар, тамада мен диджей, сондай-ақ фото-бейнеоператор мен шоу-бағдарлама кіреді. Бағалар әр өңірде әрқалай.

Бізде жұмыс күндері адам басына 23 мың теңге, демалыс күндері – 25 мың теңге. Бәрі қымбаттап жатыр: азық-түлік әсісесе қысмбат, сондықтан меню қымбаттауда, – дейді ресторан әкімшісі Мадина ӘЛИАXМАНОВА.

Ең жоғары баға Алматыда: адам басына 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін, ал премиум ұсыныстар 100 мың теңгеден асады. Астанада – 20 мыңнан 70 мың теңгеге дейін. Қалған өңірлерде баға 20-40 мың теңге шамасында. Ал ең арзандары Семей мен Ақтөбеде: ол жақтарда бір адамның отырғаны 10 мың теңгеден басталады. Экономистер өңірлер арасындағы баға айырмашылығы сұраныс деңгейімен байланысты екенін айтады.

Корпоратив-тойлардағыбағалардыңинфляцияға еш қатысы жоқ. Өйткені бәрі жанталасып желтоқсан айында өткізгісі келеді, сол себепті орындар, асабалар, шеф-аспаздар үшін бәсеке күшейеді, – дейді қаржыгер Расул РЫСМБАМБЕТОВ.

Компаниялар басқадан үнемдесе де алкогольден және тамада жалдаудан аянбайды.

Клиенттер көбіне орта деңгейдегі ресторанды таңдайды, бірақ мықты тамада алады. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Олар би бағдарламаларынан, интерактивтерден бас тартады, алайда кәсіби жүргізушіні қалдырады, – дейді шоумен Алмас КАЛЕМОВ.

Көпшілік үшін бұл жай мереке ғана емес, жыл қорытындысын шығарып, жұмыс кабинеттерінен тыс жағдайда қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Сарапшылардың болжамынша, келесі жылы корпоративтердің құны кемінде тағы 10 пайызға қымбаттайды.

Фото: facebook.com/JournalistsDay.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!