Қайтейік енді
21.12.2025,
в 14:00
184
Қырғызстанда алғашқы атом электр станциясын салу мәселесі кең ауқымды халықтық талқылаудан кейін шешіледі. Бұл туралы Қырғызстанның үкімет басшысы Адылбек КАСЫМАЛИЕВ мемлекеттік арналарға берген сұхбатында мәлімдеді, дейді 24.kg.
Ол қазіргі уақытта ресейлік технологиялардың әлемдегі ең жақсы технология саналатынын, тіпті ең үздігі екенін атап өтті, себебі ресейліктер «уранды қайта өңдеп, қайта пайдалану арқылы қалдықсыз циклге жетті».
Үкімет басшысы АЭС мәселесі бойынша басында өзінде де біраз күмән болғанын мойындады.
– «Атом» мен «уран» деген сөздердіестігенде, еріксіз алаңдайсың. Бірақ көрші елдердің тәжірибесін көріп, қазіргі заманғы технологиялардың мүлде жаңа деңгейге шыққанын түсінесің. Қазіргі заманда қауіпсіздік деңгейі жүз пайыз деугеболады», – деді ол.
Айта кету керек, Еуразиялық даму банкінің президенті Николай ПОДГУЗОВ Қырғызстанда шағын қуатты АЭС салуға банк көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Ол үшін Бішкек өз жоспарын нақты іс-шараларға айналдыруы керек.
Фото: vb.kg.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
20.12.2025,
10:00
18.12.2025,
13:30
21.12.2025,
12:00
Реклама
Реклама