Азат Перуашев: «Тоқаев ‒ жыл адамы»

Қайтейік енді

25.12.2025,

  в 16:00

534

2025 жыл Қазақстанда және әлемде саяси оқиғаларға толы болды

Мәжіліс депутаты Азат ПЕРУАШЕВТІҢ пікірінше, биыл еліміздің дамуына зор үлес қосып, саяси аренада өзін ерекше көрсеткен бір адам ‒ ол ел президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ. Сондықтан да Перуашев қояр да қоймай Тоқаевты «жыл адамы» деп атағысы кеп отыр. Бұл туралы Ult.kz жазады.

«Қазіргі алмағайып кезеңде достық қарым қатынасты сақтап қана қоймай, оны әрмен қарай дамыту, инвестиция тарту, технология енгізу, қарым қатынастың жаңа деңгейіне көтерілу ‒ үлкен жұмыс. Қараңызшы, АҚШ президенті ТРАМПТЫҢ өзі біздің мемлекет басшымызға Ақ үйдің кілтін беріп жіберді. Бұл символдық тұрғыда өте тамаша. Біздің президентіміздің Мәскеуге соңғы барған сапарында оны «Ваше Превосходительство» деп қарсы алуы жанға жылулық ұялатады. Сондықтан «жыл адамы» деп президент Тоқаевты атар едім», ‒ деп дүңк еткізіпті әлгі Азат Перуашев.

Азат Перуашев – 2019 жылы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ “мен кетем, енді президент болмаймын” дегенде көзінен жасы ағып кетіп, кәдімгідей беті бұртиып жылап қалған.

Бірақ қу тағдырдың ол тәлкегіне де амалсыз көніп, енді Тоқаевқа қатты бауыр басып қалғанға ұқсайды.

    Фото: akorda.kz.

    АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!