Қайтейік енді
05.01.2026,
в 15:00
450
Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли ХАМЕНЕИ Иранның күштік құрылымдары наразылықтарды баса алмаса, елден қашу жоспарын әзірлеген.
Бұл туралы барлау есебіне сілтеме жасаған The Times газеті хабарлады.
Мақалада егер армия мен қауіпсіздік күштері халық жағына өте бастаса немесе бұйрықтарды орындауды тоқтатса, 86 жастағы Иран басшысы 20 көмекшісі мен отбасы мүшелерімен бірге елден қашуды жоспарлап отырғаны айтылған.
«Хаменеи Мәскеуге қашады, өйткені одан басқа қолайлы жер жоқ», – депті Израиль барлау қызметінде ондаған жылдар бойы қызмет еткен білгіштердің бірі Бени САБТИ.
Times атап өткендей, қашу жоспары 2024 жылдың желтоқсанында биліктен айырылып қалған Сирия диктаторы Башар АСАДТЫҢ тәжірибесіне негізделген. Ол ел астанасы басып алынар алдында Дамаскті тастап Мәскеуге қашқан, енді отбасымен сонда тұрып жатыр.
Фото: Global Look Press.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
21.01.2026,
10:30
25.01.2026,
21:37
21.01.2026,
15:00
22.01.2026,
12:00
Реклама
Реклама