Қайтейік енді
31.01.2026,
в 16:00
699
Алатау қаласының тұрғындары Алматы – Қонаев автожолының ақылы учаскесі бойынша тегін жүріп-тұру құқығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алатау әкімдігінің мәліметінше, аталған тас жолда тегін жүріп-тұру жаңадан құрылған қалада тіркелген көлік құралдарына абоненттік төлемсіз ұсынылады.
– Аталған шешім Алматы – Қонаев автомобиль жолының әлеуметтік маңызы бар нысан екенін ескере отырып қабылданды. Бұл жол Алатау қаласын Алматы қаласымен және облыс орталығы – Қонаев қаласымен байланыстыратын негізгі әрі іс жүзінде жалғыз көлік қатынасының жолы, – делінген мәлімдемеде.
Әкімдік көлік құралдары бұрын Іле ауданында тіркелген Алатау қаласының тұрғындарына көлік құралының техникалық паспортын жаңарту қажет екенін ескертті. Құжатты жаңарту кезінде мемлекеттік тіркеу нөмір ауыспайды. Ал қызмет құны — 1,25 АЕК (5 406 теңге).
– Техникалық паспорт жаңартылғаннан кейін көлік құралы Алатау қаласында автоматты түрде есепке алынып, Алматы – Қонаев ақылы жол учаскесі бойынша тегін жүріп-тұру құқығы беріледі, – деп хабарлады әкімдік.
Фото: Досбол Атажан.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
05.05.2026,
11:40
04.05.2026,
13:30
06.05.2026,
15:00
08.05.2026,
15:22
Реклама
Реклама