Қазақстанда тұрғысы келетін шетелдіктер көбейіп барады

Новости

29.07.2025,

  в 13:31

119

Қазір елде 212 мың шетел азаматы тұрақты тұрып жатыр. Үш жылдағы өсім – 42 пайыз

Осы уақытқа дейін 10 мың шетелдік азаматқа Қазақстанға 5 жылға кіруге тыйым салынды. Олар көші-қон режимін сақтамаған. Жалпы ішкі істер органдары 200 мың шетелдікті жауапқа тартты. Олардың 46 мыңы елде жүру тәртібін бұзған, деп хабарлайды 24.kz.

Дегенмен өзге ел азаматтарының 97 пайызы заң талабын сақтайтынын атап өткен жөн.

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша жыл басынан бері 7,5 млн шетел азаматы елге келді.

Былтырғы жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 600 мың адамға артты.

Қазір елде 212 мың шетел азаматы тұрақты тұрып жатыр. Үш жылдағы өсім – 42 пайыз. Ал 430 мың шетелдік уақытша тұрып жатыр. Олардың басым бөлігі жұмыс істеу, білім алу мақсатында келген.

Фото: pinterest.com.