Павлодар облысында Qazaq Oil-дың тоғызыншы Keruen Inn қонақүйі ашылды

Ду шапалаq

20.11.2026,

  в 10:30

339

Жаңа қонақүй кешені Кенжекөл ауылында мен мұндалап тұр

Qazaq Oil жол бойындағы Keruen Inn қонақүйлер желісін дамытып келеді. Желінің тоғызыншы қонақүйі Павлодар облысының Кенжекөл ауылында, Кенжекөл көшесі, 35/4 мекенжайында ашылды. Бұл – елдегі негізгі автокөлік бағыттарын біртіндеп қамтып келе жатқан желі картасындағы жаңа өңір.

Кенжекөл ауылы Павлодар қаласына жақын, Павлодар мен Семейдің арасын жалғайтын М-38 трассасының бойында орналасқан. Бұл бағытты екі өңірдің тұрғындары мен Қазақстанның солтүстік-шығысы арқылы сапарлайтын саяхатшылар жиі пайдаланады.

Қонақүйде 31 нөмір бар. Сондай-ақ кафе мен конференц-зал қарастырылған. Соңғысы қонақүйде іскерлік кездесулер мен түрлі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді.

Осы бір формат желінің ерекшелігіне айналып келеді: жолаушылар жолда аздап аялдаумен қатар, толыққанды қонақүй инфрақұрылымын пайдалана алады.

Оңтүстіктен елдің солтүстік-шығысына дейін

Keruen Inn желісінің тарихы Қазақстанның оңтүстігінде жол бойындағы сервисті дамытудан басталды. Желінің алғашқы қонақүйі 2025 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысының Мерке ауылында ашылды. Кейін Арал, Семей, Қарабатан, Ақтау, Қарқаралы және Қарағанды қалаларында қонақүйлер іске қосылды. 2026 жылдың қазан айында Qazaq Oil Қызылордада желінің сегізінші Keruen Inn қонақүйін ашты. Енді олардың қатары Кенжекөлдегі қонақүймен толықты.

Қысқа уақыт аралығында жоба еліміздің бірнеше облысын қамтыды. Қонақүйлер Қазақстанның оңтүстік, батыс, орталық және шығыс өңірлерінде жұмыс істейді.

Жол бойындағы сервис саяхаттың бір бөлігіне айналды

Қонақүйдің ашылуымен қатар оған іргелес жанармай құю станциясын жаңарту жұмыстары да аяқталды. Енді ол аумағы 600 шаршы метрді құрайтын заманауи кешенге айналды.

Жаңартылған ғимаратта 60 адамға арналған кең Q-Cafe аймағы бар. Жолға шыққан адамдар ол жерде кофе ішіп, ыстық тағамдарға тапсырыс бере алады, жеңіл тамақ немесе толыққанды түскі ас іше алады. Сондай-ақ нысанда кең санитарлық тораптар мен намазхана қарастырылған.

Qazaq Oil жанармай құю кешендерінің жанынан осындай мүмкіндіктер біртіндеп біріктіріп келеді. Қонақүйлерден бөлек, компания Q-Cafe кафелерін, Dala Market дүкендерін және саяхатшыларға арналған басқа да сервистерді дамытып жатыр.

Павлодар облысында тоғызыншы Keruen Inn қонақүйінің ашылуы – осы жұмыстың жалғасы. Өңір тұрғындары мен қонақтары үшін тағы бір жайлы қонақүй пайда болса, Павлодар – Семей бағытымен сапарлайтын жолаушылар алыс жолда жайлы демалып, сапарын ыңғайлы ету мүмкіндігін алды.

Фото: Qazaq Oil.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!