Қайтейік енді
05.11.2025,
в 15:30
210
Астана қаласында полицейлер бір пәтерде бірге тұрған адамның ақшасын ұрлап кетті деген күдікпен 21 жастағы жігітті ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, екі еркек бұрын бірге бір жерде жұмыс істеген. Содан екеуінің аздап таныстығы болғасын бір пәтерді жалдап тұрған. Қазір күдікті ретінде ұсталған жігіт оқиға болған күні серігінің ұйқыға кеткенін күтіп, ол қорылдай бастағанда оның күртешесінің қалтасындағы әмиянын алып, ішіндегі ақшаны зып еткізген.
Сосын көшеге шығып, ұрланған ақшаны өз қажетіне жұмсап тастапты.
Оянған соң ойбайлап қалған жәбірленуші полицияға арызбен жүгінсе керек.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталып, ол ұсталды.
Полиция азаматтарға жалдамалы тұрғын үйге бірге тұратын адамдарды таңдауда мұқият болуға және ақша мен құнды заттарды қолжетімді жерлерде сақтамауға кеңес береді. Сырт көзген сенімді көрінетін адамның ішінде не жатқанын бір құдай біледі.
«Егер сізбен бірге тұратын тұлғалардың күмәнді әрекеттерін байқасаңыздар, бірден ішкі істер органдарына хабарласыңыздар», — деп ескертеді.
Фото: freepik.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
30.10.2025,
17:33
03.11.2025,
17:08
04.11.2025,
09:00
31.10.2025,
12:00
Реклама
Реклама