Қайтейік енді
27.12.2025,
в 16:00
253
Бір пәтерге 100 адамды еш шімірікпестен тіркегендердің ісіне енді тоқтау қойылады. Елордада бір бөлмелі аядай пәтеріне айласын асырып, дүйім жұртты тіркей беретіндерді жауапқа тартатын заңды құжат мәслихатта мақұлданды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Жаңа заңға сәйкес, бір адамға баспананың кем дегенде 15 шаршы метрі тиесілі болуы тиіс. Бұл ереже отбасы мүшелеріне қатысты емес. Тек тіркеуге алынатын бөгде адамдарға келгенде әр азаматқа тиесілі шаршы метр жіті тексеріледі.
Яғни, бір пәтерде 6 адам тіркеліп, оның біреуі отбасы мүшесі болмаса, жан басына шаққандағы шаршы метр қатаң қадағаланады.
Қала әкімдігі осылайша Астана жұртының нақты қанша екенін біліп, бағдарлап, инфрақұрылым мен өзге де тұрмыс қажеттіліктерін есептеуге мүмкіндік туады деп отыр.
– Жоба бойынша, бір адамға бір үйде бірге тұратын ерлі-зайыптыны және жақын туысын есептемегенде, пайдалы алаңның 15 шаршы метр мөлшеріндегі норматив бекіту ұсынылады. Аталған норматив бір тұрғын үйде ондаған немесе тіпті жүздеген адамның тіркелуі сияқты тәжірибеден бас тартуға мүмкіндік береді, – дейді Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ерлан ЖҮСІПОВ.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
21.12.2025,
12:00
24.12.2025,
18:00
25.12.2025,
16:00
25.12.2025,
10:30
25.12.2025,
12:00
Реклама
Реклама