Қайтейік енді
16.10.2025,
в 10:00
246
Кеше Семей қаласындағы Qazaq Oil жанармай құю бекеттерінің бірінде түсірілген бейнежазба тараған болатын. Видеода клиенттің жанармай құю колонкасының пистолетін ұстап тұрғаны, ал есептегіштің литрлерді санап жатқаны көрінеді.
Qazaq Oil мәліметінше, бұл оқиға 8 қазан күні Семей қаласындағы F-117 жанармай құю бекетінде орын алған.
«Тексеру нәтижесінде жанармай құю колонкасында ақауы бар пистолет болғаны анықталды. Бұл жөнінде бұған дейін ШҚО филиалына жөндеу қажеттігі туралы өтінім берілген екен.
Клиент дәл осы ақаулы пистолетті пайдаланып, байланыссыз төлем жасауға тырысқан, алайда транзакция өтпеген. Сосын ол кассирге жүгініп, кассир көрсетілген пистолет арқылы жанармай жіберген. Ішкі жүйенің деректері бойынша, сол күні бұл пистолетпен басқа ешқандай транзакция тіркелмеген», — деп хабарлады Qazaq Oil компаниясы.
Бейнеролик авторы видеоны өшірген және ол компанияға ешқандай шағыммен хабарласпады.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
12.10.2025,
10:00
13.10.2025,
18:00
10.10.2025,
09:00
15.10.2025,
17:22
Реклама
Реклама