Қазақстанда 1 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталды

Қайтейік енді

09.11.2025,

  в 16:00

176

Өтінімдер онлайн түрде Baspana Market платформасы арқылы қабылданады

Қазақстанда жас мамандарға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 1 пайыздық жеңілдетілген ипотекалық несиеге өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz.

Бағдарлама кімдерге арналған:

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, агроөнеркәсіп, мәдениет және спорт салаларының мамандары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер (әкімдер мен орынбасарларынан басқа) қатыса алады.

Қатысу тәртібі:

Өтінімдер онлайн түрде Baspana Market платформасы арқылы қабылданады. Ол үшін жеке кабинетке кіріп, өтінімді толтыру және нәтижесін күту жеткілікті.

Бағдарлама шарттары:

  • Біржолғы төлем – 100 АЕК (2025 жылы бұл 393 200 теңге);
  • Тұрғын үй сатып алу немесе салуға арналған жылдық 1% мөлшерлемемен несие;
  • Несие сомасы – өңір мен елді мекенге байланысты 2 500 АЕК-ке дейін (шамамен 9,83 млн теңге);
  • Несие мерзімі – 15 жылға дейін.

Қатысу талаптары:

  • Техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның болуы;
  • Несие алған маман өз өңіріндегі ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымға мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті;
  • Бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.

Бағдарлама ауылдық жерлерге мамандарды тартуға және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Фото: Газета Наш Костанай.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!