Қайтейік енді
13.10.2025,
в 16:20
250
Биыл Қазақстанда қылмыс саны 6 мыңға азайған. Бұл туралы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ержан СӘДЕНОВТІҢ айтуынша, кісі өлтіру, қарақшылық, бұзақылық, ұрлық, бұрын сотталғандардың қылмысы, көшеде қарумен жасалатын қылмыс түрі төмендеген.
Жиында ведомство басшысы автомектептер Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана ашылатынын жеткізді. Сөзінше, жол қауіпсіздігі саласында цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Нәтижесінде жыл басынан бері 19 мың жүргізші әкімшілік қамауға алынып, 22 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылған.
«2018 жылдан бері автомектептерде мемлекеттік бақылау жоқ. Бәрін орнына қоямыз. Өткен жылы жеке дайындықты жойдық. Барлық автомектепті есепке алдық. Курстар туралы куәлік пен медициналық анықтаманы электронды форматқа ауыстырдық. Автомектептерді ашу кезінде рұқсат беру тәртібіне түзетулер енгіземіз», – деді ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Фото: Almaty.tv.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
12.10.2025,
10:00
10.10.2025,
09:00
07.10.2025,
00:12
09.10.2025,
22:26
09.10.2025,
12:02
Реклама
Реклама