Қайтейік енді
21.11.2026,
в 14:00
226
Түркістан облысында 9-сынып оқушысы 20 жастағы жігітті өлтіріп, денесін өртеп жіберген. Қанды оқиға Леңгір қаласында болған, деп хабарлайды Жетінші арна.
Қараусыз қалған ғимараттан ер адамның мәйіті табылып, күдікті ретінде жасөспірім қамалған еді.
9-сынып оқушысы сегіз жылға сотталды. Тергеу дерегіне сәйкес, қыз бала қылмысты алдын ала жоспарлап, бір күн бұрын пышақ сатып алған. Кейін жігітті кездесуге шақырып, 5-6 рет пышақ жарақатын салып, одан кейін өртеп жіберген. Сараптамаға сәйкес жәбірленушінің денесінің 30 пайызы өртеніп кеткен.
– Бір күн бұрын сатып алған пышақпен жәбірленушінің кеуде тұсынан бірнеше рет соққы жасап, сол жерде қалдырып кеткен. Жәбірленуші қайтыс болғанына көз жеткеннен кейін дүкеннен сіріңке, жанатын сұйық материалдарды алып, оқиға болған жерге қайтадан барып, жәбірленушінің денесін өртеп жіберген, – деді Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот төрағасы Дәурен МАДАЛИЕВ.
Сотталушы 20 жастағы жігіт өзін зорлағысы келгенін айтқан. Алайда бұл уәж сотта дәлелденбеді. Сот жасөспірімді Қылмыстық кодекстің қасақана адам өлтіру бабы бойынша кінәлі деп таныды. Оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жасөспірім қыз жазасын кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
16.11.2026,
13:00
18.11.2026,
12:00
17.11.2026,
12:00
19.11.2026,
10:30
14.11.2026,
16:00