Қайтейік енді
08.11.2025,
в 15:00
420
Мемлекетке көк тиын төлемей кәсібін дөңгелетіп жүргендер енді жаппай жауапкершілікке тартылады. Оларға 40-60 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ, — деп хабарлайды Информбюро 31.
Қаржы министрлігі өкілдері табысын жасырып жүргендерді анықтау үшін құзырлы органдармен бірлесе жұмыс істеуді жоспарлаған.
Салық органдарының қызметкерлері пәтерін жалға беретіндерге бақылауды күшейтті. Алдымен азаматтардың табысы есепшоттарындағы аударымдар арқылы тексерілмек. Одан бөлек учаскелік полицейлер азаматтардың пәтерде өзі тұрып жатқанын, не жалға бергенін анықтауға көмектеседі дейді Қаржы министрлігінің өкілдері.
Егер жалға беруші кірісін жасырып, салықтан жалтарып жүрген болса айыппұл арқалайды.
— Біз айыппұл салып, жауапкершілікке тартуды мақсат етпейміз. Әуелі ескерту жіберіп, талаптарды түсіндіреміз. Яғни жалға беруші бір ай көлемінде тіркеліп, төлем жасау керек. Олай жасамаса, 39 мың 300 және 58 мың 900 теңге көлемінде айыппұл көзделген, — дейді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан БІРЖАНОВ.
Ал сенат депутаттары әкімшілік жаза көлеңкелі бизнесті анықтауға мүмкіндік беретініне сенімді. Өйткені, қазір келісімшартқа отырмай, баспанасын жалға беретіндер көбейді деп отыр.
— Теневой бизнес қазір бар. Көбі көрсетпейді өзінің кірістерін. Үлкен гостиница ұстап отырғандар, пәтерлерін жалға беріп. Яғни гостиница ретінде көрсетіп. Оның бәрі ақша, салық төленбегеннен кейін біз оны көрмейміз, — дейді ҚР Парламенті сенатының депутаты Жанар АСАНОВА.
Ал тұрғындардың дені бұл талап пәтер жалдап тұрып жатқан жандарға қиындық тудырады дейді. Өйткені, қазірдің өзінде баспана иелерінің көбі бағаны шарықтатып жіберген. Енді оған тағы салықтың құны қосылады деп алаңдайды.
Қаржы министрлігіндегілер пәтерін жалға берушілердің кәсіпкер ретінде тіркелуі міндетті емес дейді. Яғни жыл соңында декларация толтырып, 10 пайыз салық төлеуге болады. Не болмаса, өзін жұмыспен қамтыған азамат ретінде табысының 4 пайызын төлей алады.
Ал, халық Үкімет ең әуелі жалдау құнына бақылау жасау керек деп есептейді.
Фото: time.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
03.11.2025,
17:08
04.11.2025,
09:00
06.11.2025,
18:00
Реклама
Реклама