Қайтейік енді
16.01.2026,
в 15:00
316
«Жамбыл облысында көлік нөмірін балшықпен жасырған жүргізуші жауапқа тартылды», деп хабарлайды Polisia.kz.
Айыппұлдан сақтану үшін жасалатын мұндай ұсақ қулық – «жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу фактісі» деп саналады екен.
Күні кеше полиция қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында Mercedes Sprinter автокөлігінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін қағазбен жауып, әдейі жасырған жүргізушінің желкесінен шап берді.
Енді бір жерде Geely Atlas көлігін теуіп жүрген біреу мемлекеттік нөміріне балшық жағып алып, «штрафтардан аман қаламын» деп ойлаған.
Бірақ, бірақ…
Бұл екеуінің бұл тірлігі – «жауапкершіліктен қашу мақсатында көлік құралын сәйкестендіруді қиындатып, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің бейнебақылау камераларында тіркеліп қалмау амалдары» деп бағаланып кетті.
Екі жүргізуші де сот шешімімен бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 3 және 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Фото: uralskweek.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
10.01.2026,
17:00
14.01.2026,
18:00
10.01.2026,
18:00
12.01.2026,
12:00
Реклама
Реклама