Тапқан ақшамыздың көбі тамаққа кететін күйге түстік

Қайтейік енді

24.05.2026,

  в 16:00

121

Ресми статистиканың өзі халықтың кедейленгенін растап отыр

Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылға жасаған қорытындысын қопара берсек, оңып жатқан ел емес екеніміз білініп қалады екен.

Аудиторлар анықтағандай, өткен жылы инфляция 12,3%-ды құрады. Үкіметтің 5,5-7,5% аралығында ұстап тұрамыз деген уәдесі далада қалған.

Елде бәрі қымбаттаған:

  • азық-түлік 13,5%-ға,
  • ақылы қызметтер 12%-ға,
  • азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,1%-ға өскен.

Өлгенше қымбаттағаны – сиыр еті (32,1%), қой еті (28,8%), шұжық өнімдері (19,3%), алма (18,4%) және күнбағыс майы (17,5%).

«Халық ақшалай табысының 52%-ын тамаққа, 18,6%-ын ақылы қызметтерге шығындаған. Азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсайтын шығындары 20,8%-ға дейін қысқарған», – делінген аудиторлар есебінде.

Жалпы, 2020 жылға дейін халықтың жағдайы сәл жақсырақ болып, 2020 жылдан бері қарай жағдайымыз қиындап келе жатқаны атап өтіледі әлгі аудиторлардың есебінде.

Фото: ЖИ жасап берді.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!