Новости
13.03.2026,
в 15:58
38
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғынын ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен ұстады.
Тергеп-тексеру барысында күдікті әйел биыл қаңтар айынан бастап Ақтөбеде бала күтушісі болып жүріп, үй иесінің бірнеше зергерлік бұйымдарын жасырын ұрлағаны анықталды. Көпбалалы отбасы бағалы бұйымдарының жоғалғанын наурыз айында біліп, полицияға хабарлаған.
Анықталғандай, үй иелері өздеріне бейтаныс бала күтушіні әлеуметтік желіде хабарлама беру арқылы тауып, үйіне жұмысқа алған.
Бала күтушісі алтындардың қайда жатқанын білгеннен кейін, біртіндеп жасырын алып кетіп, ломбардқа тапсырып отырғанын мойындады. Ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Ұрланған заттардың ішінде алтын сырға, алқа, сақиналар бар. Жәбірленушіге келтірілген залал 3 миллион теңгені құрайды.
Ірі мөлшерде ұрлық жасау дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті мүлкi тәркiленіп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын айыруға жазалануы мүмкін.
Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды бейтаныс адамдармен еңбек қатынастарында мұқият болуға, үміткерлерді алдын ала тексеруге және еңбек шартын рәсімдеуге шақырады.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
12.03.2026,
19:00
12.03.2026,
12:00
12.03.2026,
09:00
Реклама
Реклама