Қайтейік енді
20.04.2026,
в 17:30
84
«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат МУСИН 20 сәуірде «Самұрық-Қазына» қоғамдық кеңесінің отырысында жасанды интеллект (ЖИ) енгізілуіне байланысты компанияда қай санаттағы қызметкерлер қысқартуға ұшырауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды nationalbusiness.kz.
Сөз барысында Мусин «Қазақтелеком» цифрлық компания ретінде ЖИ-ді қолданбай отыра алмайтынын атап өтті. Әйтпесе, компания нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін.
«Қазір нақты айта алмаймын, бірақ оның белгілі бір нақты жұмыстарда адамды алмастыра алатынын көріп отырмын. Мысалы, колл-орталық операторлары. Қазір біз 230 оператордың жартысынан көбін робот алмастыратын жобаны жүзеге асырып жатырмыз, бұл биыл іске асады. Осындай бағыттар – заңгерлер, кадр мамандары, бухгалтерлер бойынша да бар – бізде барлық жерде ЖИ агенттері құрылып жатыр. Олар тек “Қазақтелекомда” ғана емес, “Самұрық-Қазына” құрамындағы басқа компанияларға да ұсынылады», – деп түсіндірді ол.
Фото: gov.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
16.04.2026,
13:30
17.04.2026,
18:00
19.04.2026,
16:00
Реклама
Реклама