Қайтейік енді
01.05.2026,
в 14:00
139
Мектепте телефон ұстауға толық тыйым салынуы мүмкін. Депутаттардың пікірінше, сабақ кезінде оқушыға смартфонның мүлде қажеті жоқ. Себебі білім ұялары барлық қажетті медиа құралдармен толық қамтылған. Ал телефон, керісінше, оқу процесіне кедергі келтіреді, деп хабарлайды Информбюро 31.
Тіпті балалар бір-бірімен сөйлесуді де қойған дейді халық қалаулылары. Сондықтан шектеу енгізуді ұсынып отыр.
Мектеп қабырғасында телефон қолдануға тыйым салу кейінгі кездері оқтын-оқтын көтеріліп жүрген мәселе. Бірі бастаманы жүз пайыз қолдайды. Себебі баласы ештеңеге алаңдамай білім алғанын жөн көреді. Келесісі, керісінше, қарсы. Пікірлерінше, телефон баланың қауіпсіздігі мен қайда, не істеп отырғанын білу үшін қажет.
Депутат Анас БАҚҚОЖАЕВ смартфонның пайдасынан зияны көп дейді. Оның пайымынша, қазір оқушылар бір-бірімен араласуды қойған. Өйткені бүкіл аңсары алақандай гаджетте, сәтке болсын қолы босай қалса, телефонға телміреді. Сондықтан шектеу енгізген жөн.
– Себебі қорқады. Телефоннан аудиозапись жүріп жатыр ма? Болмаса, бейнетаспаға жазып жатыр ма? Мұғалімдер балаларға сөйлеуге қорқады. Оны жақсы білесіз. Енді, айтыңызшы, осы ретте сіздерге құзырет берілген жағдайда бұл қандай эффект береді. Біздің ұсынысымызға қалай қарайсыз, – дейді Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев.
– Мысалы, мұғалімдердің сабақ жоспарында телефон қолдану қарастырылған. Бірақ ол тек оқу мақсатында ғана. Сондықтан біз мектеп қабырғасында телефон ұстаудың бірыңғай тәртібін әзірлеп жатырмыз. Ереже барлық мекемеге ортақ болады, – дейді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық ШАРАБАСОВ.
Сондай-ақ, енді мұғалімдер сабақтан тыс уақытта оқушы үшін жауап бермейді. Бұл жауапкершілік толық ата-анасына өтпек. Яғни демалыс не түнгі кезеңде баланың тәртібі мен қауіпсіздігі әке-шешесінің мойнында болады.
Сондай-ақ мектеп, балабақша мен колледж мұғалімдерін мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларына тартуға шектеу қойылады.
Тағы бір іргелі өзгеріс. Бұдан былай шетелдік оқу орындарынан ауысып келген студенттер ұлттық бірыңғай тест пен арнайы емтиханның сертификатын ұсынуға міндеттелмек.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
24.04.2026,
18:00
28.04.2026,
12:30
29.04.2026,
09:00
27.04.2026,
14:00
27.04.2026,
09:00
Реклама
Реклама