Егер Ресей сұраса, Қазақстан билігі бензин беруге дайын

Қайтейік енді

26.06.2026,

  в 13:30

162

Ресей әзірге Қазақстаннан бензин сұрамапты, бірақ сұрауы мүмкін

Энергетика министрі Ерлан АҚКЕНЖЕНОВ Ресей тарапы елдегі жанармай тапшылығына байланысты Қазақстаннан бензин жеткізуді сұрады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Ресей Федерациясынан ресми сұраныс болған жоқ, — деді Энергетика министрі Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында. 

Осы ретте ол Қазақстанға Ресей тарапынан бензинге ресми сұраныс келіп түскен жағдайда, Энергетика министрлігі оны қарастыруға дайын екенін жасырған жоқ. 

24 маусымда Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресей Қазақстанмен шамамен 50 мың тонна АИ-92 маркалы бензинді импорттау туралы келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

Көрші ел мұндай қадамға мұнай өңдеу зауыттарындағы жұмыстың іркілісіне байланысты елдің ішкі нарығында орын алған тапшылықтың орнын толтыру үшін барып отыр-мыс.

Фото: wilhei / pixabay.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!