Қайтейік енді
14.07.2026,
в 13:30
529
Әйелінен әлімжеттік көрген ер адам әділдік іздеп жүр. Астаналық азамат бұрынғы келіншегім ажырасқаннан кейін де соңымнан қалмай, аңдып, қысым көрсетті деп отыр. Екі жылдан бері маза бермеді деген тұрғын жарын заң арқылы жазаламақ, деп хабарлайды Информбюро 31.
Бұл оқиға осыдан екі жыл бұрын басталған. Азаматтың айтуынша, ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелі мазалауын тоқтатпаған. Хабарласып, аңдып, түрлі жанжал шығарған.
Заңгерлер мұндай әрекеттердің сталкинг белгілеріне ұқсайтынын айтады. Ер адам бірнеше мәрте полицияға да жүгінген екен. Алайда оның сөзінше, арызы толық қаралмай, «еркексің ғой, кешіре сал» деген көзқараспен жабыла салған.
– Ер адамның тарапынан ешқандай құқық бұзушылық орын алмаған. Балағат, былапыт сөздер айтылмаған. Оның барлығының дәлелдері бар. Оған қарамастан құзырлы органдар тиісті әділ шешімін шығармаған. Сондықтан да бізге жүгінді. Қазір енді бұл жерде бала мәселесі қарастырылып жатыр. Одан кейін азаматтың жеке бас қауіпсіздігі, сталкинг мәселесі бар. Және де ол азамат екі жылдан кейін жаңа отбасы құру мақсатында бір азаматшамен сөз байланысады. Оны да қызғанышпен үстінен сталкинг жасапты, – дейді заңгер Нұрсұлтан ОРЫНБЕКОВ.
Қазір ер адамның жалғыз талабы – өзіне қатысты барлық уәждің заң аясында әділ қаралуы. Айтуынша, екі баласы өз тәрбиесінде. Ал өзі бұрынғы жұбайының мазалауын тоқтатқанын қалайды.
Ал халықтың ер адамдардың құқығына қатысты пікірлері әртүрлі. Бұл тақырып бұған дейін мәжілісте де көтерілген. Депутат Амантай ЖАРҚЫНБЕК отбасылық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы талқыланғанда жауапкершілік жынысына емес, кінәсіне қарай белгіленуі керек деген пікір айтқан еді. Сол сөз қоғамда қызу талқыға түскені есте.
Заңгерлердің айтуынша, сотта әр тараптың өз дәлелін ұсынуға мүмкіндігі болуы керек. Алайда ер азаматтарға қатысты істер қаралған кезде уәждердің толық тыңдалмайтынын айтады.
Мамандардың пікірінше, сталкинг пен қысым көрсету мәселесінде заң ер мен әйелге бірдей қолданылуы қажет. Және құқық бұзушылық дәлелденсе, жауапкершілік бәріне ортақ болуы тиіс.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
12.07.2026,
12:00
08.07.2026,
09:00
13.07.2026,
10:30
10.07.2026,
10:30
Реклама
Реклама