Ақтөбе облысында мал бағуға кеткен бала көз жұмды

Қайтейік енді

23.07.2026,

  в 15:00

206

Жасөспірім інісімен бірге жайылымда мал бағып жүрген

Ақтөбе облысында мал бағып жүрген 14 жастағы жасөспірім суға батып көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында қайғылы оқиға болды. Мал бағып жүрген 14 жастағы мектеп оқушысы суға батып қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім інісімен бірге жайылымда мал бағып жүрген. Кейін олар еріген қар суы жиналған жыраға шомылмақ болған. Алайда бала суға түсіп, қайта шыға алмай қалған.

Оқиға орнына шақырылған құтқарушылар мен тиісті қызмет өкілдері жасөспірімнің денесін судан алып шыққан. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қазір қайғылы оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды шомылуға арналмаған су айдындарына жібермеуге шақырады. Әсіресе жаз мезгілінде еріген қар суы мен қолдан жасалған су жиналатын орындар аса қауіпті екенін ескертеді.

Фото: wikimedia.org / Yuriy Danilevsky.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!