Қазақстанда 339 автокөлігі бар адам тұрады

Қайтейік енді

24.07.2026,

  в 13:30

135

3 млн-ға жуық қазақстандықтың басында бір ғана көлігі бар

Қазақстанда бір басында 339 автокөлігі бар адам тұрады, деп хабарлайды «Еуразия» Бірінші арнасы.

Ұлттық статистика бюросы осындай ақпарат ұсынды. Ресми мәліметке жүгінсек, қазір ел аумағында 5 053 664 жеңіл транспорт жүйткіп жүр. Бір қызығы, олар 4 млн 100 мыңнан аса адамның атына жазылыпты.

Сөйтсек, гәп мынада екен. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, 2 971 471 қазақстандықтың бір ғана көлігі бар.

Ал 780 мың азамат қос-қостан темір тұлпар теуіп жүр.

225 546 адамның гаражында үш машинадан тұр екен. Сондай-ақ 115 179 жеке тұлғада төрт немесе бес көлік тіркелген. 2 321 адамда жиырмадан елуге дейін көлігі бар.

47 қазақстандықтың жүзден аса темір тұлпары болса, бір адам 339 көлік құралының иесі екені белгілі болды.

Фото: zr.ru.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!