Қайтейік енді
08.08.2026,
в 14:00
251
Батыс Қазақстан облысында боқтампаз әкімдер азаяр емес. Ашуын тұрғындардан алатын мемлекеттік қызметшілер әдепті ұмытып жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Мысалы, Бөкейордасы ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы ауыл тұрғынымен сөйлескенде балағат сөздер айтыпты. Ал Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі ауылдасын жұмыссыз қаласың деп қорқытып, қоқан-лоқы жасаған.
Шаш ал десе бас алар шенеуніктердің бірі ескертумен құтылса, «боқтампазы» қатаң сөгіс арқалады. Биыл өңірде 12 лауазым иесі осындай теріс қылығымен көзге түсіпті.
Дегенмен Әдеп кеңесінің өкілдері облыста 3500-дей мемлекеттік қызметші бар, ал тәртіп бұзғандар олардың 1 пайызына да жетпейді, деп көңіл жұбатып отыр.
– Мемлекеттік қызметшілердің тарапынан айта кететін жағдай әдеп нормаларын сақтамау фактілері кездеседі. Эмоцияға берілуі мүмкін жаңағыдай, мен оларды ақтамаймын. Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс кезде де, жұмыс уақытында да кез келген азамат пен өзінің қызметкерлеріне міндетті түрде сыпайылықты қамтамасыз ете отырып, өзінің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуі керек, – дейді Мұрат БАЙСАЛОВ, ҚР Мемлекет қызмет істері агенттігінің БҚОД басшысы.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
04.08.2026,
20:46
03.08.2026,
10:30
02.08.2026,
14:00
02.08.2026,
10:00