Қазақ әншісі Дастан Сәтпаевқа «ев» жұрнағынан құтылуға кеңес берді

Не дейді-ей

11.08.2026,

  в 13:30

203

«Давай, Дастанға сондай ұсыныс жасайық», деп отыр

Әбдіжаппар ӘЛҚОЖА дейтін қазақ әншісі жас футболшы Дастан СӘТПАЕВҚА тегіндегі «ев» жұрнағын алып тастап, Сәтпай деп жарқырап жүргені жарасар еді, деген пікірін айтты.

– Қазір Дастан Сәтпаев бауырымыз елдің мақтанышы болып, «Челсиге» барып, бірінші ойында бірінші голын соқты ғой. Енді сонда әлемдегі комментаторлар жан-жақтан Satpaev-Satpaev деп жатыр. Қазақстанның егемендік алғанына 35 жыл болып жатыр. Неге сонда ол фамилиясын Сәтпай деп ауыстырмайды?

Біз жанкүйерлер ретінде Дастанға ұсыныс жасайық: «Дастан, сен Сәтпай деп ауыстырсай, атаңның аты ғой», деп, мысалы.

Қазіргі қоғамда баршамыз балаларымыздың тегінен «ов», «ев» деген жалғауларды алып тастағанымыз белгілі. Сәтпаев десе бәрібір орыстарға тартып тұрады. Соны бір ұсыныс ретінде айтып көрсек. Документтерінде Дастан Сатпаев деп тұра берсін, бірақ киетін формасының арқасында, таблицада, таблода Сәтпай деп тұрса – аты-жөні таза қазақша көрініп, әдемі болар еді. Кезінде Қаныш Сәтпаев аты қалай дүркіреген болса, Жаңа Қазақстанға Дастан Сәтпай деп дүркірегені  жарасар еді, – дегендей айтыпты ол.

Фото: ЖИ жасаған, видеодан скрин.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!