Не дейді-ей
18.11.2026,
в 10:30
296
Астанада аспаннан доллар жауып, «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғаны халықаралық инвесторлар арасында аса бір әбігер туғызбағаны қызық.
Бұл оқиға ҚТЖ-ның IPO өткізуіне әсерін тигізуі мүмкін екенін Bloomberg жазды. Әрине, тергеп-тексеру жұмыстары акцияларды орналастыру мерзімін кейінге шегерілуіне әкелуі мүмкін. Алайда халықаралық қаржыгерлердің бұл жағдайды қалай бағалап отырғанына назар аударып көрейік.
Roemer Capital компаниясының басқарушы директоры әрі нарық жетекшісі Луис САЕНСТІҢ пікірінше, бұл жағдай жекелеген оқиға ретінде қарастырылып, өңірдегі жоспарланған мәмілелерге әсер етпеуі тиіс.
ING банкінің өңір бойынша бас экономисі Дмитрий ДОЛГИННІҢ ұстанымы одан да қызық. Оның пікірінше, екі басшының ұсталғанынан инвесторлардың Қазақстаннан бас тарта қоюы екіталай. Бұл жағдай тіпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың позитивті белгісі ретінде қабылдануы мүмкін.
Халықаралық инвесторлар мұндай оқиғаларға прагматикалық көзбен қарайды. Олар үшін тергеудің басталғаны емес, мемлекеттің заң үстемдігін қамтамасыз ететіні, корпоративтік басқарудың ашықтығын сақтауы және міндеттемелердің орындалуына мән беретіні маңызды.
Инвесторлар сыбайлас жемқорлықтың не екенін біледі. Мемлекеттің оған қарсы күресін де көріп отырады. Корпоративтік басқару жүйесін біртіндеп тазарту – ұзақ мерзімді перспективада елдің инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі. Әрине, бұл тәуекел мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Бірақ өткендегі масқара жағдайдан кейін Қазақстанға деген инвестициялық сенімге нұқсан келді деуге де болмайды.
Проблема деген аяқ астынан шығады. Мықты мемлекеттер тек оны тауып, көзін жойып, экономикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етумен үздіксіз айналысуы керек. Ендеше елде болып жатқан қазіргі жағдай Қазақстан үшін әрі сынақ, әрі елге деген сенімді нығайтудың тағы бір мүмкіндігі болып отыр.
Дереккөз: Расул Рысмамбетовтың ArtFinanz дейтін Telegram каналы. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: ЖИ жасаған, kt.kz сайтынан.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
12.11.2026,
15:11
16.11.2026,
13:00
13.11.2026,
09:00
17.11.2026,
12:00
12.11.2026,
12:03