Қайтейік енді
16.08.2026,
в 15:00
470
inDrive негізін қалаушы Арсен ТОМСКИЙ қазақстандық Камила ЛҰҚПАНОВАМЕН отау құрды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Кәсіпкер Threads сайтында бақытты жас жұбайлардың суретін жариялады.
«Қазақ еліне +1 күйеу бала. Міне, қазақ халқының күйеу баласы», – деп жазды Томский.
Бұл жазбаға мыңдаған оқырмандар құттықтау жазды. Оның достары да бұл қуанышты оқиға туралы әлеуметтік желілерде жазып жатыр.
«Бүгін Арсен Томский мен Камиланың үйлену тойы. Әлемнің түкпір-түкпірінен достар жас жұбайларды осы маңызды оқиғамен құттықтауға келді!» – деп жазды кәсіпкер және Қазақстан мен Грузиядағы Forbes франшизасының иесі Арманжан БАЙТАСОВ.
Жұптың үйлену тойына дайындық маусым айында жарияланды. Содан кейін Томский Камила Лұқпанованың туған қаласы Оралда өткен сырға салу және құда түсу рәсімдері туралы айтты.
Фото: instagram.com/arsentomsky.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
12.08.2026,
08:00
10.08.2026,
09:00
11.08.2026,
15:00
14.08.2026,
10:30