Қайтейік енді
17.08.2026,
в 12:00
313
Енді екінші, үшінші үйін сатып алып жатқан қазақстандықтар үшін салық мөлшерлемесі әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Бұл бастаманы Отбасы банк төрайымы Ләззат ИБРАГИМОВА көтеріп отыр, деп хабарлайды Информбюро 31.
Институт басшысының пікірінше, сараланған салық ставкасы енгізілсе, нарықтағы алыпсатарлық азайып, баспана бағасы тұрақтанады.
Сондай-ақ Отбасы банк жалға берілетін тұрғын үй нарығын да реттемек. Кейінгі уақытта Ләззат Ибрагимова бірнеше пәтері бар азаматтарға салынатын салық шарттарын өзгерту мәселесін көтеріп жүр. Ұлттық институт басшысының айтуынша, қазір елімізде 1 миллионға жуық тұрғынның екі, 219 мың кісінің үш баспанасы бар. 80 мың адам төрт-бес пәтерге иелік етеді екен. Ал, 17 мың отандасымыз кемі алты, алды он тұрғын үйді меншіктеп отыр.
Сондықтан пәтер сатып алушылар үшін сараланған салық ставкасын енгізу ұсынылды. Яғни, екінші баспанадан бастап әрі қарай салық сомасы өсуі керек.
Мәселен, бірінші пәтері үшін 10 мың болса, екінші үйіне 15, үшіншісіне 20 мың теңге төлеуі шарт.
Сарапшы Александр ПАК салық мөлшерлемесінің саралануы нарыққа мүлде әсер етпейді дейді. Яғни, бағаны тұрақтандырмайды. Себебі, қаржысы бар азамат әрі қарай да қалауынша пәтерді сатып ала береді. Бұл бастама, керісінше, жалға берілетін үйлердің құнын көтеріп жіберуі ықтимал. Өйткені, меншік иесі ставкадағы айырмашылықты жалға алушының мойынына іле салады.
– Нарық пен бағаға ұсыныстың ұлғаюы, ипотеканың қолжетімді болуы және халық табысының артуы ғана ықпал ете алады. Тек сол кезде ғана нарық тұрақтанады. Әрі бізде сән-салтанат салығы бар ғой. Сол 10 пәтердің жиынтық құны шекті сомаға жетсе, былай да төлейді, – дейді Александр Пак, тұрғын үй саласының сарапшысы.
Сондықтан сарапшы ипотеканың қолжетімділігін арттырған абзал дейді.
Ал Ләззат Ибрагимов алдағы уақытта Отбасы банк пәтерді жалға беру нарығын да бақылауға алатынын айтты. Ол үшін секторды толық цифрландыру жоспарланып отыр. Демек, бұл нарық та мейлінше ашық болады. Сәйкесінше, пәтер иелері баспанасын жылдам жалға беріп қана қоймай, арнайы платформа арқылы салықтарын өтемек.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
12.08.2026,
08:00
14.08.2026,
10:30
11.08.2026,
15:00
17.08.2026,
10:30