Ресейдің мұнайы Қазақстанда өңделетін болды

Қайтейік енді

25.08.2026,

  в 15:00

149

Онда өндірілетін бензин мен дизель Ресейге жеткізілмек

Ресей мұнайы Батыс Қазақстанда орналасқан шағын мұнай өңдеу зауытында өңделуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Ерлан АҚКЕНЖЕНОВ айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Батыс Қазақстанда бір кіші мұнай өңдеу зауыты бар. Оның аты – «Конденсат». Қателеспесем, 50 пайызы ресейлік компанияға тиесілі. Біз Ресей Федерациясының Энергетика министрлігінен осы мұнай өңдеу зауытын Ресей мұнайымен жүктеу туралы ресми түрде хат алдық. Мен ешқандай кедергіні көріп тұрғаным жоқ. Өйткені, онда өндірілетін бензин мен дизель отынының 30 пайызы Қазақстанда қалады, қалғаны Ресей Федерациясына барады. Осындай келісімге келдік. Менің түсінгенімше, ешқандай санкциялар жоқ. Өйткені ол компания әзірше санкция тізіміне енбеген, – деді Ерлан Ақкенженов.

Фото: ПМХЗ.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!