СҚО-да мектепке барған балалардың әр үшіншісі ғана қазақша оқиды

Қайтейік енді

31.08.2026,

  в 13:30

176

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 5800-дей бала бірінші сыныпқа қабылданса, соның шамамен 32% ғана қазақ тілінде білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанованың айтуынша, жалпы оқушылар саны былтырғымен шамалас – 73,5 мыңнан асады.

Тағы бір мәселе – балаларды мектепке қауіпсіз жеткізу. Облыстың 256 елді мекенінен 2,8 мың бала мектепке тасымалданатын болады. Оның 2 мыңнан астамын күн сайын мектепке жеткізу қажет. Оқу жылы басталар алдында оқушыларды тасымалдауға арналған 143 автобус дайындалды.

– Балаларды таситын барлық көлік техникалық байқаудан өткізілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жұмыстар Департамент полициясымен бірлесіп жүргізілді, – дейді Айнагүл СҰРАҒАНОВА.

Қазір мектептерді жаңа оқулықтармен қамтамасыз ету жұмысы жүріп жатыр. 2026-2027 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 400 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ өңірдегі 12 мектеп күрделі жөнделді. Бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге жұмсалды. Ал ағымдағы жөндеумен 100 мектеп қамтылып, ғимараттарды жөнге келтіруге 1,3 млрд теңге бөлінді.

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!