Баласы бар адамдарға мектептен айыппұл келе бастайды

Қайтейік енді

05.09.2026,

  в 14:00

145

Сабақта отырған оқушының қолы телефонға тиіп кетсе – ата-анасына сарт етіп штраф келеді

Оқушы сабақта телефон ұстаса – ата-анасы айыппұл төлейді, деп хабарлайды Информбюро 31.

Әкімшілік жазының құны 22 мың теңгенің төңірегінде. Қайталанса, одан да көп. Бірден 86 500 теңгеге шығады.

Ал жауаптылар қатаң шараға көшпесек, смартфон ұл-қыздардың оқу процесіне кедергі келтіреді деп отыр.

Смартфонды сөмкеге салып әкелуге болады. Бірақ сабақта қолдануға қатаң тыйым салынған.

Қоңырау үзілісі мен төтенше жағдай болған кезде ғана телефонды сөмкеден ақырын шығарып, аздап пайдалануға болады.

Шектеу дегенді былай түсінуіміз керек. Мектепке барғандағы оқушылардың мақсаты білім алу. Сондықтан телефонды қолданудағы біздің шектеуіміздің негізгі мақсаты оқушының білім алу кезіндегі кедергі келтіретін факторларды жою. Яғни, оның денсаулығына зиян келетін немесе конгнетивтік немесе зейіннің шоғырлануы сияқты әр түрлі факторлардың алдын алу, – деп санайды ҚР оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Асыл ТҮЙМЕБАЕВ.

Оқушы ережені бұзса, жауапкершілік ата-анасына жүктеледі. Алдымен мұғалім ескерту береді. Оған көнбесе айыппұл салынады. Оның көлемі 21 мың 625 теңге.

Бұл мәселеге қатысты тұрғындардың пікірі екіге жарылды.

Тағы бір маңызды жайт – мектептердің барлығы оқушылардың телефонын таңертең жинап алуға міндетті емес. Арнайы шкаф немесе сейф қою керек деген де талап жоқ. Смартфонды қайда және қалай сақтау керегін әр мектеп өзінің ішкі тәртібімен белгілейді.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!