Қайтейік енді
29.08.2026,
в 18:00
215
Білім күні мұғалімдерге гүл және басқа да сыйлық беруге тыйым салынды Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекте мектеп қабырғасында ұстаздарға басқа да сыйлық беруге болмайтынын ескертті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ведомство бұл жөнінде жергілікті атқарушы органдарға тиісті хат жолдаған.
– Біз жергілікті атқарушы органдарға тиісті хат жолдадық. Мектеп қабырғасында гүл немесе қандай да бір сыйлық беруге жол берілмейді. Бұл талапты біз арнайы атап көрсеттік. Сондықтан мұның қажеті жоқ, – деді ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар АҚПАРОВА.
Биыл ұстазға гүл апару дәстүрі мектеп аумағында болмайды. Министрлік ата-аналарға гүл шоғына қанша теңге жұмсауға болатынын да нақтыламады. Себебі, мәселе оның бағасында емес, сыйлықтың мектеп қабырғасында берілуіне қатысты.
Бұған дейін министрлік осы мәселеге қатысты басқа ұстанымда болған. Яғни бұл үрдісті ұстазға деген құрмет пен алғыстың белгісі ретінде бағалаған еді.
Айта кетейік, биыл 1 қыркүйекте барлық сыныпта бірыңғай сынып сағаты өтеді. Ал колледждерде куратор сағаты ұйымдастырылады. Оның ұзақтығы, шамамен, 45 минут болады.
Фото: artflora.ru.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
24.08.2026,
10:30
24.08.2026,
18:26
27.08.2026,
18:00
24.08.2026,
09:00
28.08.2026,
13:30